Чехияда қаралы күн жарияланды: Университетте 24 жастағы студент қарудан оқ жаудырды

0
665

14 адам қаза болып, 25-і жарақаттанды.


Чехияда қаралы күн жарияланды: Университетте 24 жастағы студент қарудан оқ жаудырды

ERNUR.KZ. Чехия билігі Прага университетінде оқ жарақатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты сенбі, 23 желтоқсанды мемлекеттік қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Петр Фиала айтты, деп жазады inform.kz.

Бұл шешім республика президенті мен төменгі палата спикерінің қатысуымен өткен үкіметтің кезектен тыс отырысында қабылданды.

21 желтоқсан күні кешке Прагада орналасқан Карлов университетінде 24 жастағы студент қарудан оқ жаудырды. Ол оқу орнына өздігінен оқталатын винтовкамен келіп, аудиториядағы студенттер мен терезе түбінде жүрген адамдарға оқ ата бастады.

Салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы 25-і жарақат алды. Дәрігерлердің сөзінше, 11 адамның жағдайы ауыр. Полиция мәліметінше, қарулы студенттің көзі жойылды. Кейбір БАҚ-тың жазуынша, қайғылы оқиғада 15 адам көз жұмған.