Чехияда крематорийде орын жетіспей жатыр

0
2 175

10 миллионнан астам адам тұратын Чехияда күніне 17 мың адам коронавирус жұқтырады. Індет басталғалы қайтыс болғандар саны 12 мыңнан асқан.


Чехияда крематорийде орын жетіспей жатыр

ERNUR.KZ. Чехиядағы крематорийлер коронавирус құрбандарына толып қалды. Мәйіт өртейтін мекемелер мұздатқышы бар жүк көліктерін әкеле бастаған, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл елде кремация кең таралған. Қазір Чехияда 27 крематорий бар. Острава қаласындағы мәйітханаға күніне жүзден астам табыт әкелінеді. Мұнда 3 пеш күні-түні тоқтамай жұмыс істеуде. Сонда да крематорийлерге 2 аптаға дейін кезек орнаған. 10 миллионнан астам адам тұратын Чехияда күніне 17 мың адам коронавирус жұқтырады. Індет басталғалы қайтыс болғандар саны 12 мыңнан асқан.


- Біздің крематорий 1 миллион адам тұратын аймақта жалғыз тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Оған техникалық қызмет көрсетілмегеніне 2 жарым айдан асты. Айына мыңға жуық мәйіт өртеледі. Крематорий істен шыға ма деп те қорқамыз, - дейді крематорий директоры Иво Форманчик.