Coca-Cola компаниясы Ресейден кетеді

0
863

«Кока коланың» Ресейдің Мәскеу және өзге де қалаларында сусын құятын зауыттары бар.


Coca-Cola компаниясы Ресейден кетеді

ERNUR.KZ. Coca-Cola компаниясы Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдегі жұмысын тоқтататын болды, деп жазады 24.kz.

Онда бірлестік Украинадағы ахуалды қадағалап, соған қарай әрекет ететінін жеткізген. «Кока коланың» Ресейдің Мәскеу және өзге де қалаларында сусын құятын зауыттары бар.

Былтыр Ресей мен Украинадағы бизнесінен 1-2 проценттей ғана таза пайда көрген екен. Айта кетейік, бұған дейін «ПепсиКоу» ( PepsiCo ) компаниясы да Ресейдегі бизнесін доғарып, инвестициялық және жарнамалық жобаларын тоқтататынын мәлімдеген.