Copy & paste функциясын ойлап тапқан ғалым қайтыс болды

0
543

​Маман Xerox, Apple, Amazon сияқты алпауыт компанияларда жұмыс істеді.


Copy & paste функциясын ойлап тапқан ғалым қайтыс болды

ERNUR.KZ. АҚШ-та 74 жасқа қараған шағында информатика саласының көрнекті өкілі Ларри Теслер дүние салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Yahoo интернет-басылымы хабарлады.

Өлім себебі белгісіз.

Теслер 1973 жылдан бері Xerox PARC ғылыми-зерттеу орталығында еңбек етті. Сол жерде ғалым «көшіру», «қиып алу», «қою» функцияларын ойлап тауып, қолданысқа енгізді. Сондай-ақ бұл орталықта пайдаланушының графикалық интерфейсі пен тінтуір құралы жасап шығарылды.

«Оның өнертабысы әлемдегі талай жанның жұмысын жеңілдетті», – деп естелік жазды орталық мамандары.

Айта кетейік, Л.Теслер 1980 жылы Apple компаниясымен серіктес болып, MessagePad қалта компьютері мен Lisa компьютерін құрастыруға атсалысты.