COVID-19 жұқтырған науқастарға арналған емханалар жұмысын қайта бастады

0
1 206

Мамандандырылған ковид-емханалар 2021 жылдың шілдесінде COVID-19 пандемиясының өршуі кезінде пайда болған.


COVID-19 жұқтырған науқастарға арналған емханалар жұмысын қайта бастады

ERNUR.KZ. Тиісті шешімді Ташкенттің хокимі Джахонгир Артыкходжаев қабылдады, деп жазады ҚазАқпаратқа.

"Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алуға, науқастарға білікті медициналық көмек көрсетуге, аудандардағы мамандандырылған емханалардың қызметін қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастыруға бағытталған шұғыл профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында емханалар жұмысы қайта жандандырылды", - делінген құжатта.

Емханалар Ташкенттің 12 ауданында ашылады. Олар коронавирус инфекциясы анықталған, бірақ ауру асимптоматикалық немесе жеңіл түрде жүретін пациенттердің денсаулық жағдайын бақылаумен және оларға амбулаториялық немесе үйде медициналық қызмет көрсетумен айналысады.