Дайын отырмыз: Оңтүстік Кореяның шекара бекетіне КХДР оқ жаудырды

0
828

КХДР жергілікті уақытпен 7:41 шамасында Чхорвон шекара қаласы маңында оқ атқан.


Дайын отырмыз: Оңтүстік Кореяның шекара бекетіне КХДР оқ жаудырды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореядағы қарусыздандырылған шекара постына КХДР оқ жаудырды, деп жазады ҚазАқпарат.


Ренхаптың бұл ақпаратын штаб басшылары комитеті растады. Оңтүстік Корея КХДР-ге ескерту жасап, жауап ретінде оқ атуға мәжбүр болды.


Комитет мәліметі бойынша, КХДР жергілікті уақытпен 7:41 шамасында Чхорвон шекара қаласы маңында оқ атқан.


Оңтүстік Корея зардап шеккендер мен зақымдалған объектілер туралы хабарлаған жоқ. Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея әскерилері радио арқылы ескерту жіберіп, екі рет жауап ретінде қарсы оқ жаудырғанын растады.


«Біз оқиғаның анық-қанығын біліп, осындай жайтты енді болдырмас үшін кореяаралық байланысты іске қосып жатырмыз. Сонымен қатар, дайын отырмыз», - деп мәлімдеді комитет өкілі.