Далай-лама Жерге қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

0
792

Далай-лама Халықаралық Жер-Ана күніне орай мәлімдеме жасады.


Далай-лама Жерге қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Буддашылардың діни көшбасшысы Далай-лама XIV әлемдегі экологияның нашарлауының салдарынан Жердегі барлық тіршілік иесіне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Далай-лама Халықаралық Жер-Ана күніне орай мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, қоршаған ортаны қорғау жолында барлық адам баласы бірігіп күресуі қажет. Әйтпегенде апаттың алдында тұрмыз деп мәлімдеді.

"Әрқайысымыз тек өзіміздің, отбасымыздың не еліміздің жағдайын ғана ойламай, барлық адамзат баласы үшін қызмет етуге үйренуіміз қажет", - дейді Далай-лама.

Рухани көшбасшы жаһандық жылыну проблемасы, кейбір аймақтардағы су тапшылығы мен сапалы медицинаның жоқтығына назар аударуға шақырды. Сондай-ақ ол АҚШ президенті Джой Байденнің әлемнің көшбасшы елдерімен бірігіп, климатқа байланысты саммит өткізу бастамасына қолдау білдірді.

2009 жылы Боливияның ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық Жер-Ана күні деп бекітті.