Дания билігі күзендерді жоюға бұйрық берді

0
719

Вирус 12 адамға жануардан жұққан.


Дания билігі күзендерді жоюға бұйрық берді

ERNUR.KZ. Адамдарға мутацияланған SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайлары анықталғаннан кейін, Дания билігі елдегі аң өсіру фермаларындағы барлық күзендерді жоюға бұйрық берді, деп жазады kursiv.kz.

Данияның премьер-министрі Метт Фредериксен, күзендерден анықталған мутацияланған COVID-19 адамдарға жұғатындығын және антидене түзу қабілетін төмендететінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл мутация коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін кедергі болып табылады.

Елде вирустың жануарлардан адамға жұғуының 12 жағдайы анықталған. Дания билігінің айтуынша, мутацияланған SARS-CoV-2 жұқтырған жануарлар 200-ден астам аң өсіру фермаларында анықталған....