​Дәрігерлер ер адамның өмірін 15 бөтелке сыраның көмегімен сақтап қалды

0
1 127

Үш аптадан соң науқас құлан таза айығып кетті.


​Дәрігерлер ер адамның өмірін 15 бөтелке сыраның көмегімен сақтап қалды

ERNUR.KZ. Вьетнамда дәрігерлер 48 жастағы Нгуен Ван Нхаттың өмірін 15 бөтелке сыраның көмегімен сақтап қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның себебі мынада, Нхаттың қанының құрамындағы метанол деңгейі тиісті нормадан 1000 есе артып кеткен. Оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер алдымен үш бөтелке сыра құйған, кейін сағат сайын бір бөтелкеден құйып отырған. Осылайша, дәрігерлер науқас бауырының метанол шығаруын азайта алған.

Сонымен қатар науқастың қанын тазартып отырған. Дәрігерлердің айтуынша, алкоголь адам ағзасына тек екі формада - метил спирті және этил спирті түрінде түсуі мүмкін. Алғашқысы адам өміріне қатерлі, өйткені қорыту кезінде ол тотығып, улы формальдегидке айналады. Бірақ бауыр ең алдымен сыра немесе басқа да сапалы алкогольдың құрамында болатын этанолды шығара бастайды. Екінші сөзбен айтқанда, дәрігерлер «уды у емдейді» деген тәсілді қолданған.

Үш апта дәрігерлердің бақылауында болған науқас құлан таза айығып кетті.