Дәрігерлер коронавирустың болжамды ерекше белгісін көрсетті

1
1 783

Бұл індеттің ең алғашқы белгісі болуы мүмкін.


Дәрігерлер коронавирустың болжамды ерекше белгісін көрсетті

ERNUR.KZ. Испаниялық дәрігерлер коронавирустың жаңа және таңғаларлық белгісін анықтады, деп жазады Tengrinews.kz.

Дәрігерлер баяндамасында желшешек пен қызылша ауруының белгісі болып саналатын аяқтағы дақтар (табан, башпай) COVID-19-дың да симптомы болуы мүмкін екеннін жазады. Испания, Италия және Франциядағы вирус жұқтырғандардың көбісінің аяқтарында дақ пайда болған.

Мұндай дақтар көбінесе балалар мен жеткіншектерде кездеседі дейді дәрігерлер. Аяқтағы дақтар ең алғаш рет 13 жасар италиялық балада байқалған. Ата-анасы алғашында қызылша немесе өрмекші шағып алған деп ойлаған. Дәрігерлер қажетті ем-дом жасайды, алайда екі күннен соң баланың температурасы көтеріліп, аяғы қатты ауыра бастайды.

Мамандардың пікірінше, аяқтағы дақтардың COVID-19 белгісі екеніне нақты дәлел жоқ. Дегенмен науқаста осындай дақтар байқалса, бұл коронавирустың ең алғашқы белгілері болуы мүмкін екенін ескертеді.