Дауыл кезінде ер адам көшедегі үлкен қолшатырмен бірге ұшып кетті (видео)

0
1 240

Ұшқан қолшатырдың кесірінен басқа адам жарақаттанды.


Дауыл кезінде ер адам көшедегі үлкен қолшатырмен бірге ұшып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Түркияда ер адам дауыл кезінде көшедегі қолшатырды ұстап қалмақ болды. Алайда ол қолшатырмен бірге ұшып кетті, деп жазады Stan.kz.

Түркияда қатты дауыл көшедегі үлкен қолшатырларды ұшырып әкеткен. Осы кезде екі ер адам қолшатырды ұстап қалмақ болды. Алайда қатты дауыл оларға көмектеспек болған кездейсоқ жүргіншіні қолшатырмен бірге ұшырып әкетті.

Ер адамның сөзінше, дауыл өзін 3-4 метр биіктікке көтеріп жібергендей сезімде болған. Ол қолшатырдың мұнан да биікке ұшуы мүмкін екенін түсінгенде, төменге секіруді жөн көріпті.

Абырой болғанда, ер адам зардап шекпеген. Алайда қолшатырдың кесірінен басқа адам жарақаттанды. Қолшатыр оның үстіне құлап, салдарынан аяғы мен қабырғасы сынған.