ДДСҰ Газаның солтүстігіндегі ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізе алмайтынын мәлімдеді

0
479

Бұл жаппай бомбалауға байланысты.


ДДСҰ Газаның солтүстігіндегі ауруханаларға дәрі-дәрмектерді жеткізе алмайтынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басып алынған Палестина аумақтарындағы қызметкерлері қауіпсіздік мәселелеріне қатысты 2024 жылы Газаның солтүстігіндегі Әл-Ауда ауруханасына алғашқы сапарын тоқтатуға мәжбүр болды. Тиісті ақпарат ұйымның 7 қаңтар күні X (бұрынғы твиттер) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде жазылған, деп жазады inbusiness.kz.

"ДДСҰ 26 желтоқсаннан бері Газаның солтүстігіндегі Әл-Ауда ауруханасы мен Орталық дәріханаға жоспарланған миссиясын төртінші рет тоқтатты. Себебі, біз қауіпсіздікке кепілдік ала алмадық. Миссия барысында біз солтүстіктегі бес ауруханаға қажетті дәрі-дәрмектерді шұғыл түрде жеткізуді көздедік", - деп түсіндірді ұйым өкілдері.

Сондай-ақ, елдегі жаппай бомбалау, қозғалысты шектеу және байланыстың жоқтығынан қызметкерлердің 12 күннен бері Газаның солтүстігіне кіре алмай жүргені атап өтілді.

"Сонымен қатар, ұйым зорлық-зомбылықтың салдарынан Газа ауруханаларына, әсіресе анклавтың солтүстігінде дәрі-дәрмектерді жеткізу мүмкін емес екенін атап өтті. Көптеген ауруханалар қызметкерлердің жетіспеушілігін сезінеді. Өйткені, медицина қызметкерлері оларды эвакуациялау немесе қауіпсіздіктің болмауына байланысты тастап кетті, ал қауіпті жағдайларға қатысты науқастардың ауруханаларға кіруі қиындай түсті", - деп қосты ДДСҰ қызметкерлері.