ДДСҰ пандемияның аяқталу мерзімін атады

0
2 606

2021 жыл да коронавирус жылы болады.


ДДСҰ пандемияның аяқталу мерзімін атады

ERNUR.KZ. Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Данияның DR телеарнасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймағы бюросының басшысы Ханс Клуге мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады, бірақ жағдай былтырғыға қарағанда едеуір жақсарады.

"Нашар сценарий артта қалды. 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз", - деді Клуге.

Сонымен бірге ол өзінің болжамын ғана айтқанын және пандемиямен байланысты жағдайдың қалай дамитынын ешкім болжай алмайтынын ескертті.

"Вирус қалады, бірақ шектеулер қажет болмайды деп ойлаймын. Бұл оптимистік хабарлама", - деді ДДҰ өкілі.

22 ақпандағы ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде COVID-19-ды 110 974 862 адам жұқтырған, оның ішінде 2 460 792 адам өлім құшты. Ең көп науқастар АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелді.