ДДСҰ пандемияның қашан аяқталатынын болжады

0
2 596

Ханс Клюгенің пікірінше, вирус өздігінен жойылып кетпейді.


ДДСҰ пандемияның қашан аяқталатынын болжады

ERNUR.KZ. Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюге айтты, деп хабарлайды Хабар24.

Алайда, оның пікірінше, вирус өздігінен жойылып кетпейді.


«Менің ойымша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады. 2022 жылдың басында пандемия артта қалады, бірақ бұл вирустың өзі жойылады дегенді білдірмейді», - деді сарапшы.


Клюге сонымен қатар вакцинация мәселесіне шыдаммен қарауға шақырды, өйткені ғаламшардың барлық тұрғынын бір уақытта вакцинациялау мүмкін емес.