ДДҰ Еуропа елдерінде коронавирус қайта өршитінін ескертті

0
551

Ұлыбританияда, Францияда және Испанияда билік коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталған.


ДДҰ Еуропа елдерінде коронавирус қайта өршитінін ескертті

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін екенін ескертеді, деп жазады Tengrinews.kz.

ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюггенің айтуынша, Еуропалық Одақта коронавирус жұқтыру саны көктемде эпидемия шыңында байқалған көрсеткіштерден асып түсті.

"Қазір апта сайынғы науқастардың саны наурыз айында пандемия Еуропада алғаш рет шарықтау шегіне жеткен кездегі саннан асып жатыр. Еуропа елдерінің жартысынан көбінде соңғы екі аптада коронавирус өршіп жатыр", - деді Клюгге.

Ол қазіргі уақытта вирус 25 жастан 41 жасқа дейінгілерде анықталып жатқанын айтады.

Сондай-ақ, Ұлыбританияда, Францияда және Испанияда билік коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталғанын мәлімдегені айтылады. Бұл елдерде науқастардың рекордтық көрсеткіштері тіркеліп жатыр.