ДДҰ коронавирус пандемияcының аяқталу уақытын болжады

0
457

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус мәлімдеме жасады.


ДДҰ коронавирус пандемияcының аяқталу уақытын болжады

ERNUR.KZ. ДДҰ мәліметінше, үкіметтердің қолындағы құралдар мұны 2023 жылы жасауға мүмкіндік беруі керек, деп жазады zakon.kz.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус мәлімдеме жасады.

"Осы айда бүкіл әлемде өлім-жітім және коронавирус ауруын жұқтырғандар саны азайды. Бірақ COVID-19-бен күресуге болатын құралдар қолымызда бар кезде бұл көрсеткіш әлі тым көп. Біздің осы жылы пандемияны тоқтатуға арналған құралдарымыз бар", - дейді Тедрос Аданом Гебрейсус.

Сонымен қатар Тедрос Аданом Гебрейсус дүниежүзілік ұйым COVID-19-ның шығу тегін анықтауға тырысатынын айтты.

Жақында ол Қытай билігіне осы мәселеде ынтымақтастық орнатуды сұрап, тағы да жазбаша өтініш жолдады.