ДДҰ коронавирусқа байланысты маңызды мәлімдеме жасады

0
2 346

Ұйым басшысы вакцинацияға сеніп, шектеулерді алып тастау дұрыс емес екенін мәлімдеді.


ДДҰ коронавирусқа байланысты маңызды мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеті аптада алғаш рет коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді, деп жазады Тengrinews.kz.

"Алғаш рет жеті аптада коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін байқап отырмыз. Алты өңірдің төртеуінде науқастар саны көбейді", - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Ұйым басшысы жұқтырғандар саны өсуі "таңғаларлық емес" екенін және елдерді коронавирусқа қарсы шараларды жеңілдетпеуге шақырды. Оның айтуынша, вакцинацияға сеніп, шектеулерді алып тастау дұрыс емес.

"Егер елдер тек вакцинацияға сүйенсе, олар қателеседі. Қоғамдық денсаулық сақтауға қатысты базалық шаралар ең жауапты шараның бірі болып қала бермек", - деді ұйым басшысы.