ДДҰ коронавирустан да қауіпті жаңа пандемия туралы ескертті

0
546

Тедрос Гебрейюс бүкіл әлемді болашақта қауіпке қарсы тұруға дайын болуға шақырды.


ДДҰ коронавирустан да қауіпті жаңа пандемия туралы ескертті

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері адамзатқа COVID-тен де қауіпті жаңа пандемия қаупі бар екенін болжады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

23 мамырда Женевада өткен жыл сайынғы ассамблеяда ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын айтты.

«Ауру мен өлімнің жаңа ошақтарына әкелуі мүмкін [COVID] вирусының басқа да нұсқасы пайда болмасына кім кепіл. Сондай-ақ одан да өлім қаупі бар жаңа патогеннің пайда болу қаупі бар», - деді ұйымның бас директоры.

Тедрос Гебрейюс бүкіл әлемді болашақта қауіпке қарсы тұруға дайын болуға шақырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ДДҰ 5 мамырда 2020 жылдан бері күшіне енген жаһандық коронавирустық пандемия мәртебесін жою туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде пандемия 1150 күнге созылды.