Денесін белгісіз мақұлық тістеп жұлып алған акуланың 100 келілік басы табылды (видео)

0
2 619

Мако акуласы Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарында тіршілік етеді. Жыртқыштың ұзындығы 4,5 метрге дейін, ал салмағы 800 келіге жетуі мүмкін.


Денесін белгісіз мақұлық тістеп жұлып алған акуланың 100 келілік басы табылды (видео)

ERNUR.KZ. Аустралия жағасында балықшылар ірі мако акуласының тістелген басын тапты. Оның суреті Facebook және Instagram желісіндегі Trapman Bermagui парақшасында жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ер адамдардың айтуынша, акула қалдығы 100 келіге жуық тартқан.

"Өкінішке қарай, біз оны кім жегенін көргеніміз жоқ, бірақ оның көлемі үлкен болғаны көрініп тұр", - делінген суреттің сипаттамасында.

Бастың ішінен жыртқыш марлин балығының сүңгісі табылған.

Мако акуласы Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарында тіршілік етеді. Жыртқыштың ұзындығы 4,5 метрге дейін, ал салмағы 800 келіге жетуі мүмкін.