​Депутаттардың зейнетақылары қысқаруы мүмкін

0
992

Ал халық қалаулыларының өздері бұндай реформаға қарсылық танытып, сотқа жаппай шағым жазамыз деп отыр.


​Депутаттардың зейнетақылары қысқаруы мүмкін

Италияның жаңа үкіметі парламент депутаттарының зейнетақы көлемін қысқартуды жоспарлап отыр. Немесе оларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы соммасы азаюы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оны халық қалаулылары мандаты аяқталған соң өмірінің соңына дейін алатын еді. Төменгі палатаның спикері Роберто Фико қажетті қаулыны даярлап қойды. Құжатқа сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрынғы 1300 депутаттың зейнетақылары 40-60 пайызға қысқартылады. Бүгінде олар алатын төлем 5 және 7 мың долларды құрайды.

Бұл үдеріс жайлы «Бес жұлдыз» популистер қозғалысы сайлау науқанында уәде еткен болатын. Парламент депутаттарының төлемақысын қысқарту арқылы олар 40 миллион еуроны үнемдеп қалмақшы.

Ал халық қалаулыларының өздері бұндай реформаға қарсылық танытып, сотқа жаппай шағым жазамыз деп отыр. Әзірге қысқарту үдерісі төменгі палатаға ғана жүрмек. Одан соң жаңашылдық сенатқа да жетпек.

Симоне Валенте, «Бес жұлдыз» қозғалысының парламент депутаты:

Бұл реформа жайлы әңгіме бұрыннан айтылып келеді. Сайлау алды науқандарында түрлі саясаткерлер осы тақырыпты қозғап жүрген. Бірақ ешкім нақты қимыл жасаған жоқ. Қанша жыл өткеннен кейін осы төлемақыларды қысқартатын кез келді. Өзін өркениетті ел санайтын мемлекетте осындай әлеуметтік әділетсіздіктің болуы дұрыс емес.