Диванда отырып әуеде қалықтаған түркиялық жігіт жұртты таңғалдырды (видео)

0
664

Ол өзінің әуе сапарын камераға түсіріп отырған.


Диванда отырып әуеде қалықтаған түркиялық жігіт жұртты таңғалдырды (видео)

ERNUR.KZ. Түркияның Измир қаласы тұрғыны Хасан Кавал өзімен бірге парапланға диван, шам және теледидар алып ұшқан. Ерекше жабдықталған ұшу аппараты жұртты таңғалдырды, деп жазады kaz.nur.kz.

29 жастағы Хасан Кавал әуеде шағын қонақ үй жасау үшін өз парапланын қызыл диванмен, шам және теледидармен жабдықтаған. Ол парапланмен ұшудан нұсқаушы болып жұмыс істейді.

Хасанның әріптестері оның шағын қонақ үйін таудан ұшыруға көмектескен. Ары қарай ол өзінің әуе сапарын камераға түсіріп отырған. Кадрлардан оның сусын ішіп, қытырлақ жеп, теледидардан мультфильм көріп отырғанын байқауға болады.

Ерекше параплан жерге сәтті қонды. Ол бұл әрекетімен адамдарға парапланмен ұшудың қауіпсіз екенін жеткізуге тырысқан.