"Доксури" тайфуны: Бейжіңдегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

0
354

Әлемнің басқа елдері сияқты Қытайда да соңғы апталарда аптап ыстық пен жаңбыр болды.


ERNUR.KZ. Бейжіңде нөсер жауыннан қаза тапқандар саны 11-ге жетті, деп жазады Stan.kz.

Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, "Доксури" тайфунының салдарынан 27 адам із-түзсіз жоғалып, 50 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бірнеше ауданда теміржол және автомобиль қозғалысы тоқтатылды. Бейжің, Тяньцзинь және Хэбэй провинциясының айналасындағы солтүстік аудандарда қатты жаңбыр жалғасып, су тасқыны күшеюі мүмкін, деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бейжіңнің батысындағы қатты зардап шеккен Ментугоу ауданындағы теміржол вокзалында қалған адамдарға жедел азық-түлік пен пончоларды жеткізу үшін әскери тікұшақтар жіберілді. Ал аудандағы 150 мыңға жуық шаруашылық сусыз қалды.

Flight Master бағдарламасы келтірген мәліметтерге сәйкес, Бейжіңнің екі әуежайында сейсенбіде 400-ге жуық рейс тоқтатылып, жүздеген рейс кейінге шегерілді. Бейжіңнен солтүстікке қарай небәрі 10 км (6 миль) жерде орналасқан Чжоучжоу қаласының бірнеше ауданының тұрғындары 24 сағат бойы, құтқарушылар келгенше су тасқынымен өздері күрескен.

Әлемнің басқа елдері сияқты Қытайда да соңғы апталарда аптап ыстық пен жаңбыр болды. Мұны кейбір ғалымдар климаттың өзгеруімен байланыстырады.

Айта кетейік, "Доксури" тайфуны жұма күні Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясын соғып, солтүстік астанаға қарай жылжымас бұрын көшкін мен су тасқынын тудырған. Осыдан тура бір апта бұрын Қытайды "Талим" тайфуны соққан еді.

Қытай метеорологиялық бюросы Бейжіңге сенбі күні кешке және дүйсенбі күні түске дейін орташа есеппен 170,9 мм (6,7 дюйм) жауын жауғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайды "Доксури" тайфуны басып, мыңдаған адам эвакуацияланғаны туралы жазған едік.