​Дональд Трамп: Владимир Путин досым емес

0
1 118

Ол жәй Ресейдің президенті.


​Дональд Трамп: Владимир Путин досым емес

фото: www.dailymotion.com

ERNUR.KZ. АҚШ президенті алда жоспарланған Ресей президентімен кездесуге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап беріп, "Ол менің досым емес, мен оны жақсы білмеймін әрі ол менің дұшпаным да емес. Ол жәй Ресейдің президенті", – деп мәлімдеді.

Америка лидері Дональд Трамп еуропалық сапарының ішінде Ресей лидері Владимир Путинмен кездесу әлдеқайда жеңіл болатын секілді деп, әрі ол досына айналуы мүмкін деген үмітін жеткізді. Трамп НАТО бойынша одақтас елдер басшылары өзінің Путинмен кездесуіне разы деп атап өтті.

Қырымға қатысты сұраққа Трамп кезекті рет түбекті аннексиялау оқиғасы Барак Обаманың кезінде орын алғанын қайталады.

"Мен мұндай оқиғаға жол берер ме едім? Жоқ, жол бермеуші едім. Енді Қырымның жағдайы қалай болатынын мен айта алмаймын. Бірақ Қырымдағы жағдайға көңілім толмайды", – деді Трамп.

Ресей және АҚШ президенттерінің кездесуі 16 шілдеде Хельсинкиде өтеді. Владимир Путин мен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастық пен Сириядағы және Украина шығысындағы жағдайды талқылайды деп күтіледі.