Дональд Трамп Владимир Путинге Сібірдегі орман өртін өшіруге көмек ұсынды

0
931

Путин америкалық әріптесінің осы ұсынысын алдағы уақытта Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қатынастарды толық қалпына келтірудің кепілі ретінде бағалады.


Дональд Трамп Владимир Путинге Сібірдегі орман өртін өшіруге көмек ұсынды

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп РФ президенті Владимир Путинге телефон соғып, орман өртін өшіруге көмектесуді ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін кешкісін Америка тарапының бастамасымен Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. АҚШ президенті Ресейге Сібірдегі орман өртін сөндіруге көмектесуді ұсынды», - деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

РФ Президенті Трампқа көмегін ұсынғаны үшін шынайы алғыс білдіріп, қажет болғанда Ресей ол көмекті пайдаланатынын айтқан.

Путин америкалық әріптесінің осы ұсынысын алдағы уақытта Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қатынастарды толық қалпына келтірудің кепілі ретінде бағалады.