Донецкте қақтығыс басталғалы бері 230 бала қаза тапты

0
530

Бейсенбі күні "Россия сегодня" медиа тобының Халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында Украинадағы балалар құқығының бұзылуы проблемасына арналған баспасөз мәслихаты өтті.


Донецкте қақтығыс басталғалы бері 230 бала қаза тапты

ERNUR.KZ. ДХР-да әскери іс-қимылдар кезінде украиналық оқтан 230 бала қаза тауып, 821 бала жараланды, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы Донецк Халық Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Дарья Морозова мәлімдеді.

Бейсенбі күні "Россия сегодня" медиа тобының Халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында Украинадағы балалар құқығының бұзылуы проблемасына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
"Донецк Халық Республикасының аумағында тоғыз жыл бойы жүргізілген әскери іс-қимылдар салдарынан украиналық оқтан 230 бала қаза тапты, 821 бала әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды. Олардың көпшілігі жетім қалды, 30-дан астам бала мүгедек боп қалды", - деді Морозова.