Дубай әуежайында екі ұшақ соқтығысты

0
656

Жолаушылар зардап шекпегені хабарланды.


Дубай әуежайында екі ұшақ соқтығысты

ERNUR.KZ. Дубайдан Бішкекке жол тартқан Flydubai ұшағы бейсенбіде таңертең жермен жүру жолында бахрейндік Gulf Air әуекомпаниясының ұшағымен соқтығысты, деп жазады Tengrinews.kz.

Жолаушылар зардап шекпегені хабарланды.

"Жолаушылар кейінірек шыққан рейспен ұшып кетті. Flydubai билікпен бірге оқиғаны тергейді", - деді әуе тасымалдаушысының ресми өкілі.

Бахрейн Корольдігінің ұлттық әуе тасымалдаушысы Gulf Air әуекомпаниясы да "Дубай халықаралық әуежайында ұшақтарының бірі апатқа ұшырағанын, басқа бір әуе кемесі жерде ұшақтың артына тиіп кеткенін" хабарлады.