Дубай билігі ішімдік тұтынуға рұқсат берді

0
156

Дубайда ішімдікті заңды сатып алу, тасымалдау, пайдалану және сақтау үшін лицензия қажет.


Дубай билігі ішімдік тұтынуға рұқсат берді

ERNUR.KZ. Дубай билігі туристер үшін алкогольге тегін 30 күндік лицензия енгізуді мақұлдады, деп жазады altaynews.kz.

Бұл туристерге заңды бұзбай, Әмірлік аумағында еш қиындықсыз алкоголь сатып алуға және тұтынуға мүмкіндік бермек.

«Лицензияны алу үшін «Maritime and Mercantile International» дүкеніне төлқұжатпен және турист мәртебесін растайтын толтырылған формамен келу қажет. Лицензия алу үшін турист мұсылман болмауы керек және 21 жастан үлкен болуы тиіс» деп жазады дерек көзі.

Айта кетейік, Дубайда ішімдікті заңды сатып алу, тасымалдау, пайдалану және сақтау үшін лицензия қажет. Бұл ретте басылымның жазуынша, арнайы мекемелер – барлар мен мейрамханаларда алкогольді пайдалану үшін формалды түрде ғана лицензия қажет екен, ал іс жүзінде оны ешкім талап етпейтін көрінеді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет