Дубайда әуе таксилері пайда болады

0
270

Ұшақтың экологияға да зияны жоқ екені айтылды.


Дубайда әуе таксилері пайда болады

ERNUR.KZ. Биыл Дубай билігі америкалық «Joby Aviation» компаниясымен келісімге келіп, 2026 жылдан бастап әуе таксилері қызметін шығаратын болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

БАӘ-дегі әуе таксиінің максималды жылдамдығы сағатына 320 шақырым, бұл 30-40 минуттық жолды 10 минутқа дейін қысқартады деген сөз. Ұшақтың экологияға да зияны жоқ екені айтылды.

Жаңа көлік түрі 2017 жылдан бері АҚШ-та сынақтан өткізіліп келеді, қазіргі уақытта федералды авиация әкімшілігінің қауіпсіздік сертификатынан өтіп жатыр.

«Соңғы онжылдықта БАӘ қатты өркендеді. Дубай бүкіл әлемге ашықтығын паш етті. Енді бұл мемлекет, бұл қала мақсаты айқын, қарқынды жұмыс атқаруға құлшынысы жоғары адардарды магнитше тартуда. Ел басшылығының инвестициялауға және венчурлық капитал қауымдастығын құруға деген ұмтылысы үлгі аларлық», - деді «Joby Aviation» басшысы Джобен Бевирт.