Дубайда жауын-шашын толассыз жауып жатыр

0
859

Қалада жауын-шашын сенбіден басталған.


Дубайда жауын-шашын толассыз жауып жатыр

ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінде жауын-шашын толассыз жауып жатыр. Салдарынан Дубай әуежайындағы ондаған рейс кешіктірілген, деп жазады Тengrinews.kz.

Дубайда жауын-шашын сенбіден басталған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылардің рейстері кешіктіріліп, жолдарда кептеліс болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары Дубай әуежайындағы ұшақтардың су астында қалғаны түсірілген фото мен видеолар жариялап жатыр.