Дүкеннен балмұздақ алмақ болған қызды тоқ ұрды

0
919

Оқыс оқиға 11 тамыз күні болған.


Дүкеннен балмұздақ алмақ болған қызды тоқ ұрды

ERNUR.KZ. Украинаның Днепр қаласындағы дүкендердің бірінен балмұздақ алмақ болған қызды тоқ ұрды, деп жазады sputniknews.kz.

Оқыс оқиға 11 тамыз күні болған. Қыз дүкеннің есігін ашпақшы болғанда оны сол мезетте тоқ соққан. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметі шұғыл жетті. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бала кардиоревматология бөліміне жеткізілді. Қыздың анасының айтуынша, баласының қолы сәл күйіп қалған, әрі тахикардия (жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы) болыпты. Бала қатты қорқып қалған.

Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.