Джо Байден мен Владимир Путиннің кездесуі аяқталды

0
408

Келіссөз 3,5 сағатқа созылды.


Джо Байден мен Владимир Путиннің кездесуі аяқталды

ERNUR.KZ. Женевада АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі аяқталды, деп жазады Хабар 24.

Келіссөз 3,5 сағатқа созылды. Алғашқы жиын шағын құрамда өтсе, жүздесудің екінші бөлігі кеңейтілген форматта жүрді. Бірақ ол бұған дейін хабарланғандай 2 бөліктен емес, бір бөлімнен тұрды. Басқосудан кейін Ресей президенті бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті. АҚШ басшысы Ла Гранж вилласын тастап шықты. Қос тарап қандай уағдаластықққа қол жеткізгені беймәлім, бірақ келіссөздің сәтті өткені айтылады.

"Құметті ханымдар мен мырзалар. Бүгін талқыланған тақырыптар бәріне таныс деп ойлаймын. Олар тұрақтылық, киберқауіпсіздік, аймақтық қақтығыстар, сауда байланыстары және Арктика мәселесі де көтерілді. Міне бұл бүгін талқыланған тақырыптар тізімі", деді Ресей Президенті Владимир Путин.