Эйфель мұнарасына найзағай түсті

0
489

​Ресми дерек бойынша, мұнараны жылына шамамен 5 рет найзағай соғады екен.


Эйфель мұнарасына найзағай түсті

ERNUR.KZ. Француз фотографы Кулик Бертран Эйфель мұнарасына найзағай түскен сәтті суретке түсіріп алды, деп жазады sputnik.kz.

Кулик Бертран бұл туралы өзінің Twitter парақшасында хабарлаған. Ол бұл оқиға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 21:00-де болғанын жазған.
"Эйфель мұнарасына найзағай түскен сәт. Бұл көрініс бір уақытта екі камерамен түсірілді", - деп жазған Бертран әсерлі суретті бөлісті.

Эйфель мұнарасының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, мұндай жағдай жылына шамамен бес рет болады. Мұнараға найзағай түсуі оған ешқандай зақым келтірмейтіні және халыққа қауіп төндірмейтіні туралы жазылған.
Бұған дейін Францияда найзағайдың салдарынан шамамен бес мың адам жарықсыз қалғаны хабарланған.