Екі жігіт қызық үшін Gelandewagen-ді тікұшақтан лақтырып жіберді (ВИДЕО)

0
1 152

Көліктің қираған бөлшектері темір-терсек қабылдау бөлімшесіне жеткізілді.


Екі жігіт қызық үшін Gelandewagen-ді тікұшақтан лақтырып жіберді (ВИДЕО)

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Карелияда қызық қуған екі "мәрт" мәскеулік тікұшақтан Mercedes Gelandewagen жол талғамайтын көлігін лақтырып жіберді, деп жазады Skifnews.kz.

Видеода Ми-8 тікұшағындағы 2 есерсоқтың Gelandewagen-ді тросқа байлап алғаны, біраз уақыттан соң оны ойланбастан төменге тастап жібергені анық көрінеді.

«Столице на Онего» басылымына «Пески» әуежайының өкілі хабарлағандай, Мәскеудің екі тұрғыны 20 минуттық рейс үшін 250 мың рубль төлеген. 1995 жылғы көліктің қираған бөлшектері темір-терсек қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Бұл - бұрын-соңды болмаған оқиға. Карелияда мұндай нәрсе болған жоқ», - деп ағынан жарылды олар "Пески" басылымына.