Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бункер сатылымға шығарылды

0
2 409

Жер астында үш мың шаршы метрді алып жатқан бункерде шамамен 60 бөлме бар.


Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бункер сатылымға шығарылды

ERNUR.KZ. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бункер Ұлыбритания аукционында сатылады, деп жазады Tengrinews.kz.

Hope Cove жерасты бункері Салкомб қаласының жанында 16 мың шаршы метр жерде орналасқан. Жер астында үш мың шаршы метрді алып жатқан бункерде шамамен 60 бөлме бар. Бір жерүсті және бір жерасты қабаттары бар ғимарат.



Clive Emson аукцион үйінің бағалауынша бункерді 400 мың фунт стерлингке (231 миллион теңге) сатуға болады. Лот 2021 жылғы 10 ақпанда аукционда сатылады.

Бастапқыда Hope Cove 1941 жылы радиолокация станциясы ретінде салынған, бірақ 1952 жылы бункер қырғи қабақ соғысқа байланысты қайта салынды. Ол Оңтүстік Девон жағалауында ұшатын кеңестік ұшақтарды ұстауға арналған әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі (Әуе қорғанысы) нысандарының бірі болды.



Біраз уақыттан кейін бункер Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігіне берілді - онда үкіметтің аймақтық штабы орналастырылды.



Ұйымдастырушылардың айтуынша, кез келген адам тарихи маңызы зор мүлікті сатып ала алады, ал жаңа иесіне ғимаратты өз қалауынша пайдалануға қажет рұқсат та беріледі.