“Экстрасенстер шайқасының” финалисі қайтыс болды

0
1 218

“Экстрасенстер шайқасы” 17-кезеңінің финалисі Дария Воскобоева көз жұмды.


“Экстрасенстер шайқасының” финалисі қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Instagram парақшасында шоудың өзге қатысушылары Влад Кадони мен Антон Мамон хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Воскобоева 6 қаңтарда жексенбі күні қайтыс болды. “360” телеарнасының мәліметінше, экстрасенстің туыстары оның өлімінің себебін айтқан жоқ. Ал шұғыл қызмет мәліметінше, ол ұзақ жылдар бойығы ауру салдарынан қаза болған.

Жобаға қатысушы Воскобоеваның артында екі баласы – ұлы мен қызы қалды.

Дария Воскобоева әріптесі Александр Береснев пен Кристина Синдаловскаямен желіде жүргізілген “Рождестволық болжам” кешін 6 қаңтарда өткізуі тиіс болған. Қайғылы оқиғадан соң кеш өтпейтін болды.