Ең ірі банктердің бірі 10 мың қызметкерін қысқартады

0
1 485

Қысқартуға ең алдымен жалақысы жоғары қызметкерлер ілінеді деп жоспарланып отыр.


Ең ірі банктердің бірі 10 мың қызметкерін қысқартады

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Еуропадағы ірі банк HSBC ((Эйч Эс Би Си)) 10 мың қызметкерін қысқартады. Бұл шығындарды азайту мақсатында қабылданған шешім, деп жазады 24.kz.

Қысқартуға ең алдымен жалақысы жоғары қызметкерлер ілінеді деп жоспарланып отыр. Жалпы аралық есеп беруге сәйкес, биыл маусымның соңында HSBC банкінде 238 мыңға жуық адам жұмыс істеген.

Негізі банк басшылығы бұған дейін де 4 мың 700 қызметкерін қысқарту жоспары жайлы жариялаған болатын. Оған пайыздық мөлшерлемелердің төмен деңгейі мен брекзит шарттары себеп болған.