ЕО Украинаға 18 миллиард еуро бөледі

0
580

Украина үшін бұл несие 10 жылдық жеңілдік кезеңіне ие болады.


ЕО Украинаға 18 миллиард еуро бөледі

ERNUR.KZ. Еуропалық Одақ Кеңесі Украинаға 2023 жылы 18 миллиард еуро көлемінде макро қаржылық көмек беруді мақұлдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мәлімдемеде айтылғандай, Украина үшін бұл несие 10 жылдық жеңілдік кезеңіне ие болады.

ЕО Кеңесі бекіткен ұсыныс келесі аптада оны қабылдау үшін Еуропарламентке жіберіледі. Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Лейеннің айтуынша, қаржыландыру жеңілдікті шарттармен несиелер түрінде тұрақты транштармен жүруі мүмкін.