Ер кісі келіншегінің көңілдесі барын айыппұлдағы фотосурет арқылы біліп қойды

0
1 164

Көше камераларына қызықты сәттердің көптеп түсіп қалатыны рас.


Ер кісі келіншегінің көңілдесі барын айыппұлдағы фотосурет арқылы біліп қойды

ERNUR.KZ. Ресейде жол ережесін бұзғандығы үшін салынған айыппұлдағы фотосурет жұбайлардың ажырасуына алып келді. Приморлық ер адам фотосурет арқылы әйелінің сүйіктісі барына көз жеткізген, деп жазады Elitar.kz.

Белгілі болғандай, әйелінің белгісіз ер адаммен бірге көлікте отырған суретін ол "айыппұлдар" қосымшасында тапқан. Фотосуретті көрген ол ішіп алып, әйелін ұрып-соққан. Оның үстіне, жұбайының сүйіктісін «өлтіремін» деп қорқытқан.

Отбасылық драманың нәтижесінде РФ ҚК-ның 119-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (кісі өлтіруде қорқыту). Бүгінгі таңда айыптау бекітілді, істі сот қарайды.

Жалпы, көше камераларына қызықты сәттердің көптеп түсіп қалатыны рас.