Ердоған Астанада Путинмен кездесіп, Украина бойынша ұсыныс жасайды

0
489

Екіжақты кездесу 13 қазанда Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитінде өтуі тиіс.


Ердоған Астанада Путинмен кездесіп, Украина бойынша ұсыныс жасайды

ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Астанада Владимир Путинмен кездесіп, Мәскеу мен Батыс арасындағы Украинаға қатысты келіссөздерде бітістіруші болуды ұсынбақ. Бұл туралы Түркия басшысының ресми өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Президент Ердоған Путинмен перспективаны, атысты тоқтатуға қолжеткізуге болатын қадамдарды талқылайды (Украинада)", - деді Калын.

Екіжақты кездесу 13 қазанда Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитінде өтуі тиіс. Бұған дейін Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Түркия президентімен келіссөз болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.