Еревандағы сауда орталығында жарылыс болды

0
1 177

Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар.


Еревандағы сауда орталығында жарылыс болды

ERNUR.KZ. Армения астанасы Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында жарылыс болды, деп жазады inform.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер бар

Түске таман Ереванның орталығындағы «Сурмалу» көтерме-бөлшек сауда орталығында жарылыс болып артынан өрт шықты.

Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына 10 өрт сөндіру тобы кеткенін хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс болып, арты өртке айналды. Зардап шеккендер бар. Өрттің күрделілігі үшінші деңгейде», - делінген Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыстың салдарынан сауда орталығы жанындағы ғимарат құлады. Ол пиротехникалық дүкен ғимараты болуы мүмкін деген болжам бар.