Еш себепсіз пышақ жұмсап, 7 адамды жаралады

0
1 206

Ауыр жарақат алған төрт азамат ауруханада


Еш себепсіз пышақ жұмсап, 7 адамды жаралады

фото:azattyg.org.

ERNUR.KZ. Парижде ер адам пышақпен шабуылдап, жеті адамды жаралады. Ауыр жараланған төрт адам ауруханаға түсті. Зардап шеккендер арасында Ұлыбритания азаматтары да бар деп жазады azattyg.org.

Шабуыл жасады деген күдікті адам ұсталды. Кейбір мәлімет бойынша, күдікті - Ауғанстан азаматы.

Оқиға 9 қыркүйек күні түнге қарай Париждің солтүстік-батысындағы 19-округте болған. Журналистердің мәліметінше, күдікті әуелде кинотеатрға келгендерге еш себепсіз пышақ жұмсаған, сосын ойыншылар мен жақын жерде өтіп бара жатқан жүргіншілерге шабуылдаған.

Полиция әзірге оқиғаны теракт деп қарастырып жатқан жоқ.