Еурокомиссия Украинаны Еуроодақ мүшелігіне үміткер ел ретінде құптады

0
1 172

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен Украинаға Еуроодаққа мүше болу үшін үміткер мемлекет деген мәртебе не үшін берілетінін түсіндірді.


Еурокомиссия Украинаны Еуроодақ мүшелігіне үміткер ел ретінде құптады

ERNUR.KZ. Лейен бұл мәртебеге Украина әбден лайық екенін айтады, деп жазады Экспресс К.

"Украинаның Еуропадағы болашағы жарқын. Сол себепті үміткер ел ретінде қабылдау керек. ЕО-ға мүше болу үшін барлық ережелер сақталуда. Бірақ ең маңыздысы әлі алда"— деді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен.

Украина билігі ЕО-ға мүше болып кіру жөніндегі өтінішін жедел қабылдауын сұрағанын айта кетейік.