Еуропада коронавирустан екінші адам көз жұмды

0
734

Құрлықтық Қытай мен Еуропадан бөлек, вирустан көз жұму деректері Иранда, Жапония, Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Филиппинде тіркеліп отыр.


Еуропада коронавирустан екінші адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Италияда 78 жастағы ер адам қайтыс болды. Бұған дейін індет Францияда 80 жастағы қытайлық туристің өмірін үзген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы елде вирусты 20-ға жуық адам жұқтырған. Билік барынша қауіпсіздік шараларын нығайта түсті. Атап айтқанда, Италияның солтүстігіндегі Лоди провинциясындағы 10 қалада мектептер, балабақша, дүкен және өзге де қоғамдық орындар жабылды.

– Бізге барлық дүкен жабылсын деген бұйрық келді. Оны орындауға міндеттіміз. Соңғы оқиғалар тұрғындар арасында дүрбелең туғызды. Енді не боларын көре жатармыз.

– Біздің өңірдің қарт адамдарының бәрі алаңдаулы. Олардың қатарында мен де бармын. Жасым 76-да. Жалғыз тұрамын. Ауырып қалсам, не боларын білмеймін, - дейді дүрліккен тұрғындар.

Соңғы мәлімет бойынша, коронавирус құрбандарының саны 2400-ге жуықтайды. 76 мыңнан аса адам індетті жұқтырғандар қатарында. Айығып шыққандар саны 21 мыңға таяп қалды. Құрлықтық Қытай мен Еуропадан бөлек, вирустан көз жұму деректері Иранда, Жапония, Гонконг, Оңтүстік Корея, Тайвань және Филиппинде тіркеліп отыр.