Еуропада Moderna вакцинасын жеткіншектерге салуға рұқсат етті

0
13 830

Оларға ересектерге салғандай әдісті қолданады.


Еуропада Moderna вакцинасын жеткіншектерге салуға рұқсат етті

ERNUR.KZ. Еуропаның дәрі құралдарын реттеуші орталығы Moderna вакцинасын 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге салуға рұқсат беру жөнінде шешім қабылдады. Оларға ересектерге салғандай әдісті қолданады, деп жазады centralasian.org.

Мамыр айында реттеуші орталық COVID-19 вирусына қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын 12-15 жас аралығыгдағы жеткіншектерге салуға рұқсат берген.

Ресми статистикаға сәйкес, Еуропалық одақтың ересек тұрғындарының жартысы түгел вакцина алған. 68 пайызы вакцинаның бірінші компонентін толық салдырған.