Еуропада жұмыс күшінің тапшылығы орнады

0
610

​ЕО-дағы жұмыссыздық деңгейі 7%-дан асты.


Еуропада жұмыс күшінің тапшылығы орнады

ERNUR.KZ. Еуропа елдерінде білікті жұмыс күшінің тапшылығы етек жая бастады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұған індетке байланысты шекаралардың жабылуы себеп болып отыр. Еуропалық Одақ елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі 7%-дан асқан. Сарапшылардың болжамы бойынша, көрсеткіштер 2023 жылдан кейін қалыпқа келе бастайды.

Тұрғындар ақша табу үшін шектеулердің кесірінен шетелге шыға алмай отыр. Жоғары оқу орындары шетелдік студенттерді қабылдауды күрт азайтты. Оның үстіне Brexit те жағдайды ушықтыруда. Британия мен ЕО жұмыс күшінің қозғалысына тыйым салған болатын.

Шетелдіктердің Германияға көшуі 2020 жылы шамамен 30%-ға төмендеді. Норвегияда қызмет көрсету саласының жұмысшылары тапшы. ЕО-ның 2020 жылғы желтоқсандағы есебі бойынша, құрылыс, жобалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және денсаулық сақтау салаларында да осындай динамика орнаған.

Еуропаның барлық дерлік елдері осындай түйткілдерге тап болды. Әсіресе Испания мен Италиядағы жағдай көңіл көншітіп отырған жоқ. Бұл елдердегі жұмыссыздардың үлесі қазір 16,1% және 10,2% деңгейінде.