Еуропаның COVID-19 жетпеген соңғы елінде коронавирус тіркелді

0
702

Коронавирусты екі әйел жұқтырған.


Еуропаның COVID-19 жетпеген соңғы елінде коронавирус тіркелді

ERNUR.KZ. Еуропаның бұған дейін коронавирус тіркелмеген соңғы елі Черногорияда COVID-19 жұқтырған екі адам анықталды, деп жазады Тengrinews.kz.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Душко Маркович үкіметтің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеген.

Коронавирусты 1948 және 1973 жылғы екі әйел жұқтырған. Екеуі де бұған дейін вирус анықталған елдерде болған.

Сейсенбі кешке ел үкіметі шұғыл отырысында 20 негізгі шара пакетін қабылдады.

"Барлық қалааралық және қалалық желілерде жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады. Ел ішіндегі теміржол қатынасы тоқтатылады. ІІМ мен жылжымайтын мүлік басқармасының қабылдау және операциялық залдары жабылады. Барлық спорттық нысан мен бассейндер, косметикалық және шаштараз салондары жабылады, Босния мен Герцеговина және Сербиямен шекарада бақылау өткізу бекеті жабылады", - деп мәлімдеді Черногория үкіметі.

Дүйсенбіде Черногория шетелдіктер үшін шекараны жауып, әуе, теміржол және автобус қатынасын тоқтатты.