«Эйнштейн мектепте нашар оқыды» деген әпсана әшкере болды

0
2 818

Эйнштейн тек француз тілі пәнінен қиналған көрінеді. Болашақ физиктің мектепті бітіргеннен кейін аттестатында жалғыз үштік баға болған. Ол француз тілінен.


«Эйнштейн мектепте нашар оқыды» деген әпсана әшкере болды

Нобель комитеті атақты ғалым Альберт Эйнштейннің мектептегі сабақ үлгерімі туралы табельді көрсетіп, оны өте нашар оқыды деген әпсананы жоққа шығарды, - деп жазады Ernur.kz Лiга.Новостиге сілтеме жасап.

Эйнштейн тек француз тілі пәнінен қиналған көрінеді. Болашақ физиктің мектепті бітіргеннен кейін аттестатында жалғыз үштік баға болған. Ол француз тілінен. Аттестат суреті Twitter желісінде жарияланады. Сурет 1896 жылы жасалғанда болашақ физик 17 жаста болатын. Сол жылы ол аттестат алады.

Ал, бітіру емтихандарында ең жоғары бал 6 болса оны Эйнштейн алгебра, геометрия, физика және тарих пәндерінен жинаған.