Facebook 2019 жылы қанша парақшаны өшіргені туралы мәлімет жариялады

0
1 346

Компания террористік ұйымдармен байланысы бар контенттерді жылдам анықтай алатындықтарын мәлімдеді.


Facebook 2019 жылы қанша парақшаны өшіргені туралы мәлімет жариялады

ERNUR.KZ. Facebook 2019 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында 3,2 млрд жалған аккаунтты және зорлық-зомбылық сипатындағы миллион постты өшірді, деп жазады baq.kz.

Компания таратқан мәліметте, 2018 жылы 1,55 млрд жалған аккаунт өшірілгені айтылған. Facebook өшірген парақшалары жайлы бірінші рет мәлімет таратып отыр. Компания жалған ақпарат пен теріс мәлімет таратқан Instagram қолданушыларының парақшаларын да өшірген.

Сондай-ақ компания террористік ұйымдармен байланысы бар контенттерді жылдам анықтай алатындықтарын мәлімдеп отыр, бұл тұрғыда Facebook-тің анықтау мүмкіндігі 98,5%, Instagram-кі 92,2%.

Осы жылдың ІІІ тоқсанында компания Facebook-те жалаңаштанған және балаларға зорлық көрсетілген фотосы бар 11,6 млн материалды өшірген, ал Instagram-да осындай сипаттағы 754 000 пост өшіріліпті.

Сондай-ақ осы аралықта Facebook өз-өзіне қол салған немесе өзін жарақаттаған бейнелер мен фотолары бар 2,5 млн постты жойған.