Facebook атауын өзгертті

0
516

Әлеуметтік желінің атауының өзгеруімен бірге Facebook-тің өнімдеріне қатысты сыни пікірлер де айтылмай қалмады.


Facebook атауын өзгертті

ERNUR.KZ. Facebook атауын Meta деп өзгертті, деп жазады ҚазАқпарат.

Алайда оның басты әлеуметтік желісінің атауы бұрынғысынша қалады.

Ребрендинг туралы Facebook девелоперлерінің жыл сайынғы конференциясында жарияланды. Ресми көзқарас бойынша әлеуметтік желінің жаңа атауы компанияның қазіргі қызметіне толық сәйкес келеді.

Facebook кейінгі кездері адамдардың жұмыс істеп, ойын ойнап, өзара пікір алмасуына мүмкіндік тудыратын онлайн әлем құру туралы жоспарларынан хабардар етіп келген болатын.

Әлеуметтік желінің атауының өзгеруімен бірге Facebook-тің өнімдеріне қатысты сыни пікірлер де айтылмай қалмады. Мысалы компанияның бұрынғы қызметшілерінің бірі Фрэнсис Хауген Facebook-тің желіні қолданушылардың мүддесінен көрі пайда табуға барынша көңіл бөліп келгендігін айтқан.

Айта кетейік, 2015 жылы Google де құрылымын өзгерткен болатын. Ол басты компанияның атауын Alphabet деп өзгертті. Дегенмен компанияның өнімдері бұрынғы атауларын сақтап қалды.