Facebook пен Twitter Трамптың аккаунттарын бұғаттады

0
644

Әлеуметтік желінің екеуінде де президенттің видеосы жарияланған еді.


Facebook пен Twitter Трамптың аккаунттарын бұғаттады

ERNUR.KZ. Facebook пен Twitter коронавирусқа қатысты "жалған ақпарат таратты" деп АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунттарын бұғаттады, деп жазады Qamshy.kz.

BBC ақпаратынша, "балалардың коронавирусқа дерлік иммунитеті бар" екендігі айтылған бейнеүзінді үшін екі компания Трамптың аккаунттарын шектеген. АҚШ президенті оны Fox News-қа берген сұхбатынан үзінді етіп жариялаған.

Facebook "онда коронавирусқа қатысты зиянды, жалған ақпарат" бар деп хабарламаны жойған.

Twitter Трамптың науқандық аккаунтын бұғаттаған. Видео үзіндісі жойылғанша аккаунттың тоқтағаны жарияланған.